Біздің мамандар

Жаңа жыл құтты болсын!

28 Дек, 2018

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Келер жыл әрбір шаңыраққа ырыс-береке әкелсін!  
2018 жылы біз үлкен еңбек ұжымы болып, көптеген ауқымды жұмыстар атқардық. Кен орындарында жаңа нысандар бой көтеріп, пайдалануға берілді. Өндіріске озық технологиялар енгізілді. Мұнай өңдеу зауыттары жаңғыртылды. Жаңа өнімдер шығарыла бастады. 
Осы жолда әрқайсыңыз қажырлы еңбек етіп, өз үлестеріңізді қосып келесіздер. 
Қымбатты мұнайшылар, өткен жылы жеткен жетістіктеріміз, өндірістегі іргелі істеріміз жаңа жылда да жемісті жалғасын 
тапсын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін. Жаңа жылда игі тілектеріңіз, арман-мақсаттарыңыз орындалсын!  
Жаңа  жыл  құтты  болсын,  мұнайшы  қауым!   

                            Алик  АЙДАРБАЕВ,
                    «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ
                                      Басқарма Төрағасы

Опубликовано в Біздің мамандар