Біздің мамандар

Жас мамандар кеңесі жылды қорытындылады

27 Дек, 2018

«Кез келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан жастардың тұрмыс-тіршілігіне қара» – деген сөз бар. Құрылғанына 5 жыл болған «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның Жас мамандар кеңесі жиналыс өткізіп, 2018 жылды қорытындылады.
Жас мамандар «Жайдарман», «Ой-дода», «Жігіт сұлтаны», «Өзенмұнайгаз аруы», «Үздік рационализаторлық жобалар» және басқа да байқауларды өткізіп, компания жастарының ауызбіршілігінің нығаюына өлшеусіз үлес қосып келеді. 
Олар Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 толуына орай театрландырылған көріністер байқауын және Маңғыстау облысы бойынша 8 команда қатысқан спартакиада ұйымдастырды.
Отпан таудың басында бірлік пен мейірім мерекесі – Амал мерекесіне атсалысты. Ұлыстың Ұлы күні рухани байланыс пен бауырластықты нығайту мақсатында Орынбор, Астрахань, Қорғаннан сауын айтып, қандастарымызды қонаққа шақырды. 
«Болашақ жастарда» деген Сократтың сөзі әлі өзгерген емес. Адамды алға жетелейтін арман екенін сол ойшыл айтқан… Жастың көңілі қашанда көкте болады.
Дүниенің парқын танитын, көзі ашық, көкірегі ояу жастарымыз көп болса, нұр үстіне нұр болар еді!
Өзенмұнайгаздық жас мамандар ұстанатын принцип: «Шамаң жетсе, уақыттан оза жүр, жетпесе қатар жүр, бірақ еш уақытта заманыңнан қалма»!                    
Салтанатты жиында ЖМК алғашқы төрағасы Асқар Ноғай мен қазіргі төрағасы Бауыржан Бәйімбетов белсенді жастарға бас директор Жәнібек Нұғмановтың Алғыс хаттарын және имидж өнімдерін табыстады.

Опубликовано в Біздің мамандар