Әлеумет

Ембілік мұнайшылар – көш басында

27 Дек, 2018

Жасыл алаңда – теңбіл доп

Футзалдан «Ембімұнайгаз» АҚ командасы ҚР біріншілігі 1 лига командалары арасында аймақтық кезеңінің жеңімпазы атанды. Аймақтық кезең турнирінде «Атырау» командасымен өткен алғашқы кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы – Бекназар Ақмұрзиев. Келесі күні ембіліктер «Құлагер» командасымен кездесті. Бұл ойында есеп ашылмай, командалар тең тарқасты. «Өмірзақ» командасымен өткен байрақты бәсекеде мұнайшылар командасы 3:2 есебімен басым түсті. Аймақтық кезеңдегі үш ойында бірде-бір жеңіліс таппаған ембіліктер 2019 жылдың наурыз айында өтетін республикалық турнирдің ақтық сынында Атырау облысының намысын қорғайтын болады. 5 ұпай еншілеген «Құлагер» екінші орынды, 3 ұпаймен «Атырау»  үшінші орынды иемденді. 
Сонымен қатар футзалдан Атырау қаласының ашық біріншілігінің алғашқы турында ЕМГ командасы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС командасын 6:0 есебімен ойсырата ұтты. 

Опубликовано в Әлеумет